Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Әйел-қыздар секторы, Байғұт баба мешітінің жанынан құрылған Фурқан оқырмандар клубының
1 АЙДА 1 КІТАП” жобасы

Бұл жоба ФУРҚАН оқырмандар клубының негізі деп айтсақ та болады
Білімнің шынайы дәмін кітаптан табатынымыз рас! Сондықтан, әрбір жан кітап оқып, кітаппен бірге кемелдену керек деп санаймыз.

Осы бойынша біздің клуб ай сайынғы өзінің осы дәстүрін тоқтатқан емес.
Мұсылман аруының болмысында болуы тиіс білімділік, зеректік, ақылдылық сынды мінездерді кітаппен қалыптастыруға тырысудамыз

Алланың қалауымен 30 маусым күні, Фурқан оқырмандар клубының Жетекші куратор ұстаздары мен арулары жиналып, талқылауымызды сайыс түрінде өткіздік. Сайысқа 12 қатысушымыз қатысты. Сайысқа төрелік еткен клубымыздың жетекші ұстаздарымыз болды. Топ жарып 1-2-3 орын иеленген қыздарға диплом мен сыйлықтар берілді, қалған қыздарымыз алғыс хатпен марапатталды.
Осы жолы оқыған кітабымыз Пайғамбарымыздан кейін ұлықталатын тұлғалармен танысып, өмірінен үлгі-өнеге алу мақсатында Алау Әділбаевтың “САҢЛАҚ САХАБАЛАР” атты кітабы болды.

✅ жәннәтпен сүйіншіленген сахабалар;
✅ мәшһүр сахабалар;
✅ ғалым сахабалар;
✅ сахаба аналармен таныстық.

Клубтың жауапты ұстазы Гүлжан Нұрланқызы.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38