Періштерлерге иман келтіру – иман шарттарының басты қағидаларының бірі. Өйткені періштерлерге иман алдымен уахиге пайғамбардың хақ пайғамбар екендігіне, әкелген кітабына,оның жеткізген діни үкімі мен тыйымдарына сену деген сөз. Ал періштелерге сенбеу жоғарыдағы айтылғандардың бәрін қабыл етпеумен бірдей болып табылады. Барлық діни үкімдер періште арқылы пайғамбарларға жеткізілетіндіктен, періштелерге иман Алла Тағалаға иманнан кейінгі айтылуы өті маңызды рөлге ие. Қасиетті Құранда періштелерге иман келтірудің парыз екендігі айтылады. Періштелерге иман келтірудың парыздығын мына аяттардан аңғаруға болады: «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірды. Мүминдер де барлығы Аллаға, пкріштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді» (Бақара -285).
«Кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе міне солар шыншылдар, әрі солар тақуалар» (Бақара – 177).
Періштерлерге иман келтіру – Алла Тағала мен оның Елшісінің әмірі болғандықтан қандай да бір періштені қабыл етпеу, не оған қарсы шығу шариғат үкімі бойынша күпірлік еткен болып саналады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жөнінде былай деп келеді: «Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне, сондай-ақ Жәбірейл, Микайлге дұшпан болса, әлбетте Алла кәпірлерге дұшпан» (Бақара- 98).
«Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сонда тым қатты адасты» (Ниса сүресі, 136).
Негізінде, біз періштелерді сезім мүшелерімізбен ажырата алмаймыз Өйткені, олар көзге көрінбейтін нұрдан жаратылған рухани жан иелері. Періштелер жайындағы мәліметтердің қайнар көзі де Құран аяттары мен пайғамбар хадистері ғана. Періштелердің көрінбеуі- оларды көруге біздің қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді Сондықтан да мұсылман жамағатының міндеті періштелер, оның бар екендігіне (аят пен хадисте келтірілген ерекшеліктеріне) сенумен шектеліп, олардың қандай екендігі, заты, болмысы аса қызықтырмағаны абзал.
Асылында, періштелерді тек пайғамбарлар ғана өз бейнесінде көре алады. Періштелер нұрдан жаратылған көзге көрінбейтін тіршілік иесі. Олар ішу, жеу, жынысқа бөліну, үйлену, ұйықтау, шаршау, жалығу, жас, кәрі болып бөліну секілді адамзатқа тән сипаттан ада. Періштелер Аллаға құлшылық ету ісінде ешқандай шаршау дегенді білмейді. Қасиетті Құранда бұл тұралы былай дейді: «Көктер мен жердегілер Алланыкі. Оның қасындағылар оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды. Олар күндіз- түні Алланы дәріптеуден (тасбих айтудан) жалықпайды» (Әнбия сүресі, 19-20).
Жоғарыда аталғандай, періштерлерде жынысқа бөліну, яғни әйел, еркек деген ұғым жоқ. Егер біз періштерлер әйел, еркек болып бөлінеді деп айтатын болсақ онда күнәһар әрі өтірікші болып есептелеміз. Бұл жайында Қасиетті Құранда: «Олар Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар періштелердің жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып, сұралады» (Зухруф – 19). Басқа бір аятта: «Сөз жоқ, періштелерді әйел жынысы дейтіндер ақыретке сенбейтіндер. Бұл сөздерінде ешқандай негіз жоқ, тек құрғақ қиялға сүйенеді, ал құр болжам ештеңеге тұрмайды» (Нәжм -27-28), – деп келеді.
Періштелер Аллаға ешқашан қарсы келмейді. Тек Алланың әмірлерін бұлжытпай орындайды да не мақсат үшін жаратылған болса соны ғана істейді. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай дейді: «Өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды» (Нахыл -16).
«Періштелер Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» (Тахрим – 66).
Алла Тағала періштелерді жаратқаннан сөң оларға түрлі қызметтер жүктеген.
Жәбірейл (а.с.) періште Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі болып келеді. Жәбірейл періште періштелердің ең ұлығы, ең үлкені және Алла Тағалаға ең жақыны болғандықтан ол «Сәйидул-Мәләикә» періштелердің құрметтісі деген абыройлы есіммен аталады.
Микайл (а.с.) періште жер бетіндегі мақлұқаттар мен тіршілік атаулының ырыс-несібесі мен ауру, шипа, рахмет, берекет сияқты жайттарды адамдарға жеткізу құқығына ие.
Исрафил (а.с.) періште сурды (сырнай) үрлеуге бұйырылған. Ақырзаман болғанда Исрафил сурды бірінші үрлегенде аспан мен жердегі бүкіл тіршілік атаулы қиямет қайымның басталуымен тіршілігін тоқтатады, яғни өледі. Ал екінші рет сурды үрлегенде қайта тіріліп, қабірлерінен шығады да махшар алаңына топтасады.
Әзірейл (а.с.) тіршілік иелерінің жанын алушы періште. Сондықтан оны «Мәләкул-мәут-өлім періштесі» деп атайды.
Кираман катибин періштесі әрбір адамның бұл дүниеде жасаған ісін жазып отыратын екі періштеге берілген есім. Бұл періштелердің бірі пенденің жақсылығын жазса екіншісі пенденің жамандығын жазады.
Мукәр мен Накир періште дүниеде дәм-тұзы бітіп, қабірге қойылған адамнан Раббың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не? және т.б осы тақырыптардың төңірегінде сұрақ алатын періште. Дұрыс жауап бергенге –қабір сыйы, бұрыс жауап бергенге – қабір азабы беріледі.
Хафза періштелері. Әрбір адамның өзін қорғаушы періштелері болады. Міне, сол періштелерді хафза (қорғаушы) періштелері деп атайды. Бұл жайында Қасиетті Құранда: «Әркімнің алдынан, артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар» ( Рағыд -11 ) делінген. Кейбір деректер бойынша әрбір адамды бақылап жүретін 384 немесе 360 періште болады деп келеді. 360 періште әрбір мүмінді, әсіресі қарттар мен сәбилерді қорғап жүреді екен. Бұрынғылар мұны періште қақты деген сөздерді айтумен сондай қорғаушы періштелер туралы хабар берген. Ол періштелердің әрбірінің өзіндік қызметтері бар. Ғибадат, зікір және ілім алушылардың орталарына қатысатын, таң, аср намаздарында жамағатпен бірге сап құратын, т.б осындай түрлі міндеттерді атқаратын періштелер бар.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім жатар уақытта Аятул курсиді оқып жатса таң атқанша бір періште қоғаушы болып турады», – дейді. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім үйінен шығарда Аятул курсиді оқыса үйіне қайтқанша түрлі апаттан аман болады», -деген.
Ала тағала баршамызға иман байлығын берсін!
Арыс қаласының бас имамы А.Абдулкамал