Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп қасиетті Құрбан айттың бірінші күні тұңғыш рет үлкен форматта «QURBAN AIT FEST» мерекелік һәм рухани шарасы өткізілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы қатысып, әуелі ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жиналған жамағатқа жеткізді. Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аталмыш мерекелік шаралар қаладағы ең үлкен «Наурыз алаңы» мен «Арбат алаңы» және жаңадан ашылған «Сейтжан қари» мешітінің ауласында «QURBAN AIT FEST» мерекелік һәм рухани шарасы өтті. Сондай-ақ, биылғы Құрбан айттың бірінші күні 30 орында, яғни үлкен саябақтар мен демалыс орындарында кішкентай балаларға қуаныш пен шаттық сыйлау мақсатында «Балаларға базарлық» мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Жалпы, игі шара аясында «Дін мен дәстүр» атты дәстүрлі спорттық ойын түрлерінен асық ату, ләнгі тебу, кір тасын көтеру, қой көтеру, табиғат аясында бояумен сурет салу және ұлттық һәм рухани тұрғысынан сұрақ-жауап сайыстары жүргізілді. Мұнымен қатар, келушілерге ұлттық тағам түрлерінен көже, сусындар, тәттілер, бауырсақтар мен балмұздақтар ұсынылып, үлестірілді.
Айта кетсек, биылғы жылы шара барысында 500 мың дана бауырсақ үлестірілді. Қолдау көрсетіп, демеушілік еткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі