Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабы және «Дін мен дәстүр ІІ» мен «Ұстаз ұлағаты» кітаптарының таныстырылымы жасалды.
Салтанатты іс шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Шоқанов, ҚМДБ-ның Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбек және қала, аудан, ауыл имамдары қатысты.
Іс шарада ҚМДБ-ның наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпенов мырза діни мәселелерде, жаназа, құдай ас (садақа) т.б. орындарда «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабын басшылыққа алу қажет екендігіне тоқталып, кеңінен түсіндру қажет екендігін қадап айтты.
Жалпы, мол таралыммен жарық көрген кітаптар барлық қала, аудан, ауыл имамдарына үлестірілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі