IMG 2548

IMG 2548

Шымкент қаласында өткен «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV отырысында бірауыздан қабылданған «Жаназа һәм жерлеу мәселелері» кітабында көрсетілген шариғат және пәтуа мәселелерін негізге ала отырып Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне байланысты құдай астың ортақ мәзірі бекітілді.
Арнайы іс шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Өтпенов, ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Шоқанов, Оңтүстік Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы Керімбек, Шымкент медерес колледжінің директоры Талғат Әсембай және қала, аудан, ауыл имамдары қатысты.
Форумға қатысушы барлық делегат мүшелері тарапынан марқұмның бір жылға дейінгі садақа ас мәзіріне ұсынылатын тағамдар түрін бекітті.
Ас мәзіріне мыналар жатады: нан, бауырсақ, жеті нан, тары, талқан, (жарма), құрма, қант, кәмпит, печенье, өрік-мейіз, қаймақ, сары май, шай, су, ет немесе күріш тағамдары енгізілді.
Негізгі мақсат — діни рәсімдерді бір ізге түсіру мақсатында шығарылған кітапты халыққа жан-жақты насихаттауға, бірлесе отырып түсіндіруге шақыру, діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу болып саналады.
Ата-баларымыздан қалған «Жан қайғысы болған үйде мал қайғысы болмасын» деген тәмсіл сөз бар. Сондықтан шариғат үкімдеріне сәйкес амал-әрекет жасау сауап һәм ғибадат болып табылады.
Барлық азаматтарды осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары

 

IMG 2454

IMG 2460

IMG 2502

IMG 2540

IMG 2543

IMG 2544

IMG 2546

IMG 2548

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий