Шымкент қаласы Қаратау ауданы “Жанқожа” мешітінде жазғы “Имани жаз – 2024″ діни сауат ашу курсы басталды. Курста сабақтары «Құран әліппесі», «Құранды тәжуидпен оқып үйрену», «Алланың 99 есімін жаттау», «Ислам әдептері», «Көркем мінезге тәрбиелеу», «Тазалыққа үйрету» және тағы басқа дәстүрге сай дәрістер жүргізіледі.
Сауат ашу курсы дегеніміз не? Алдымен осы сауалға тоқтала кетейік. Діни сауат ашу курсы оның негізгі мақсаты – жазғы демалыс маусымында жасөспірімдер мен балалардың уақытын тиімді пайдаланып, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу. Жыл сайын, жаз айында мектеп қабырғасындағы оқушылар, ЖОО, колледжде оқитын студенттер діни сауат ашу сабақтарына қатысып, рухани құндылықтарын арттырып, тәрбиелік білімді үйреніп жатыр. Тек діни біліммен шектелмей, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, үлкенге құрмет көрсету сынды құндылықтарды бойға сіңіреді. Және де айта кетерлік нәрсе, білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлініп, дәріс өткізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі