Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Сейіткәрім қажы» мешітінде жазғы сауат ашу курсы басталды. Мешітте 50 ге жуық шәкіртер тәлім алуда.
Сауат ашу курсы дегеніміз не? Алдымен осы сауалға тоқтала кетейік. Діни сауат ашу курсы оның негізгі мақсаты – жазғы демалыс маусымында жасөспірімдер мен балалардың уақытын тиімді пайдаланып, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу. Жыл сайын, жаз айында мектеп қабырғасындағы оқушылар, ЖОО, колледжде оқитын студенттер діни сауат ашу сабақтарына қатысып, рухани құндылықтарын арттырып, тәрбиелік білімді үйреніп жатыр. Тек діни біліммен шектелмей, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие, үлкенге құрмет көрсету сынды құндылықтарды бойға сіңіреді. Және де айта кетерлік нәрсе, білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай топтарға бөлініп, дәріс өткізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі