“Бір айда бір кітап” атты кітап оқу сайысы
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Байғұт баба
мешітінде Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының “Сахабалардың сәулелі ғұмыры” атты кітабы бойынша қыз келіншектер арасында жарыс өтті.
Қатысушылардың арасында 3 жүлделі орын иегерлері
1 орын Дүйсен Салтанат – 50.000 т
2 орын Құттымбетова Әсем – 30.000 т
3 орын Құтжанова Тазагүл – 20.000т
Бірінші турда гугл тест арқылы , қатысушылар тест сұрақтарына жауап берді, екінші турда билет таңдау арқылы ауызша сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар арасында сахабалардың өмірін толық жаттап алғандар да болды, Гүлжан Нұрланқызының әсерлі уағызымен берекелі дастарханмен аяқталды. Жарысқа көрермен болып келгендер келесі жарысқа қатысуға ынталары артып ниет білдіріп кетті. Кітап оқу арқылы дүниеміз бен ахіретімізге пайдалы білімдер алып, соларды жүзеге асырып мол сауаптарға кенеле берейік.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38