ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық “ Байғұт баба” мешітінің Бас имамы Қалшабек Ербол Тастан бекұлы Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімдігінде “Лудоманияның “ зардабы жайлы ақпарат берді. Лудомания ойынқұмарлық деген мағынаны білдіреді. Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді.

Алла Тағала Құранда былай дейді:
“Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар әрі өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанның лас істерінен. Ендеше (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар. Шайтан сендердің араларыңа арақ, құмар ойындары арқылы дұшпандық пен жеккөрушілік салып және Алланы еске алудан, намаздан тыюды көксейді. Сендер сонда да доғармайсыңдар ма?”,– деген.
“Мәида” сүресі, 90-91 аяттар.

Құмар ойынға тәуелділік, яғни лудомания, гемблинг, игроманияның жеке тұлғаға және қоғамға тигізер зардабы ауыр.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38