Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризмді насихаттау бөлімі арнайы табиғат аясында ерекше экотур шарасын өткізді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілдері, елге белгілі ақын, абайтанушы Абай Қалшабек ақындарымыз және қала аудан имамдары мен ұстаздары қатысты.
Табиғат аясында ұйымдастырылған шара барысында «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Ізгі қоғам», «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбы аясында арнайы діни семинарлар мен түрлі ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды.
Айта кетсек, экотур шарасы Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан «Балдыберек» демалыс аймағына өткізілді. Мұрынды болған «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөліміне Алла Тағалда разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі