Бүгін ҚМДБ-ның «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен бірігіп «Шымкент» медресе колледжінің студенттері өңірдің киелі орындарына саяхаты ұйымдастырылды.
Арнайы саяхатқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың үлкен қолдауымен, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Самат Анарбаев, «Салт-дәстүр» орталығының жұмысын үйлестіруші ұстаз Райхан Жұмәділлева және «Шымкент» медресе коллджінің ұстаздары мен шәкірттері және «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова бастаған әжелер қатысты.
Ұйымдастырылған саяхат барысында Отырар ауданында орналасқан «Отырар» жалажұрты мен өлкетану мұражайына, «Арыстан баб» кесенесі мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етілді. Мұнымен қатар, медресе шәкірттері мен «Әжелер» мектебінің арнайы оқыған Хатым Құранды бабалар рухына бағышталды.
Жалпы, зиярат ету барысында шәкірттерге дін мен дәстүр, тарих, зиярат және зиярат ету мәдениеті сынды көптеген ақпараттар алып, ерекше әсермен оралды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі