Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Али Анарқұлұлы “Оңтүстік” және “Отырар” телеарналарына барып ОТАНДАЫ СҮЮ ИМАННАН тақырыбы бойынша сұхбат берді.
Жалпы отаншылдық, патриотизм асыл дініміздің ұстанымымен ұштасып жатқан ұғымдар. Исламда «хуббул-уатан минәл-иман» деген риуаят бар. Мағынасы «Отанды сүю иманнан» дегенді білдіреді. «Торғай екеш торғай да, өз ұясын қорғайды» дегендей, расымен де туған жерге, Отанға деген ыстық сезім, ықылас жалпыадамзаттық адамгершілік қасиеттерге жатады. Пайғамбар ﷺ өзінің туған шаһары Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған. Мәдинаға қоныс аударып, сонда орнықса да алғашқы туған жерін әсте ұмытпаған. Сахабаларымен бірге Меккені сағынышпен еске алып отырған.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі