Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті биыл Діни сауат ашу курсын ерекше қарқынмен бастады. Қазіргі таңда ДСАК ер балалар тобында 100- ден астам шәкірттер тәлім алса, қыз- балалар тобында 35-тен аса қыздар тәлім- тәрбие алуда. Осы уақыт аралығында «Шымкент» медресе- колледжінің түлегі Гүлдана Бақтиярқызы жас қыздар бөлімі шәкірттеріне Қасиетті Құраннан, тәжуид пен Пайғамбарлар тарихынан, сонымен қатар Мұхаммед (с.а.с) үмметтері білуі тиіс болған 40 парыз бен көркем мінез- құлық (ахлақ) дәрістерін жүргізді. 1 тоқсандық есепті қорытындылау үшін әйелдер- қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында сайыс өтті. Сайыс барысында Құранды мәнерлеп оқу, Пайғамбар (с.а.с) өмірбаяны, және де логикалық сұрақтар қойылды. Іс- шараға арнайы Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат, аудандық «Нұғман» мешіті «Әжелер алқасы», ДСАК ұстаздары Тухтаев Умид және Паташов Бауыржан қатысып, оған төрелік етті. 2 сағатқа созылған шара бойынша қыз бала шәкірттер ек топқа бөлініп, алғашқы орынды «Фирдоус» тобы жеңіп алды. Сайысқа қатысушыларға сый- сыяпаттар тарту етіліп, сөз соңында «Әжелер алқасы» жастай берген тәрбие- жас шыбықты игендей- қаракөз қыздарымыздың дінге деген сүйіспеншілігін көріп, Аллаға шүкіршілік жасап жатырмыз деп ақ баталарын берсе, Бас имам Бекзат Оқапұлы алдағы уақыттарда Сауат ашу курсы жалғасын табатынын айтып өтті.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі