IMG 100

IMG 100

ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына үндеуіне орай Шардара қаласы «Аль – Фаттаһ» мешітінің бас имамы Шинибеков Серікбай 15 отбасыға, Шардара ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінің бас имамы С. Абдраманов 60 отбасыға, Шардара ауданы Достық ауылы «Достық» мешітінің молдасы Кулет Егемқұлдың ұйымдастыруымен 4 отбасыға қайырымды қол кәсіпкерлердің демеушілігімен қасиетті Шәууал айында әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі қам – көңіл жандарға азық – түлік себетін таратып сауапты іс жасады. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қасиетті Шәууал айында қайырымдылықтың қадірін біліп қолындағы барымен бөлісіп, қол жәрдемін жасаған азаматтарға Алла разы болсын. (Әмин)

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 95

IMG 96

IMG 97

IMG 98

IMG 99

IMG 100

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38