Алла тағала Құран Кәрімде былай бұйырады: «Алла зәрредей де әділетсіздік істемейді, қайта титтей жақсылық болса, оны еселеп арттырады, әрі өз тарапынан ұлы сауап береді» (Ниса сүресі, 4/40-аят). Міне, осы аятқа орай Сарыағаш аудандық мешітінде жылдағыдай биыл да «Қолқабыс» атты тақырыбында қайырымдылық шарасы жалғасын тапты. Биылғы жылы 70 жағдайы төмен отбасыларға жоқ-жітіктер, жесір мен жетімдер, зағип жандарға 70 қап ұн, 70дана 5л май,70дана шай, 70дана тұз,70дана 5 кг вермишель, 70дана 5кг макарон,70 дана 5кг күріш, 70дана тауық еті қарқатылды. Мешіт қызметкерлері қайырлы істің орынды қарқатылуына атсалысты. Міне, мұндай қайырымды істер қоғамдағы ынтымақ-бірліктің одан сайын нығайып, адамдардың бір-біріне деген мейірімінің нығаюына септігін тиігетіні анық. Алла тағала қайырымды істеріміздің қайырын берсін.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі