Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биылғы жолдған Бағдарлық баяндамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Рамазанда мешітке кітап сыйла» атты акциясын жариялады.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы акция жобасымен танысып, қолдау көрсетіп, үйлестіру жұмысын дінтанушы-магистр, қалалық Сараптау бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміровке тапсырылды.
«Өздеріңізге белгілі, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Мүфтият» баспасы жұмыс жасап, белгілі дінтанушы-ғалымдардың 50-дан астам діни кітаптар жарық көрді. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты – «Мүфтият» баспасы және тағы басқа да баспа тарапынан жарық көрген құнды кітаптарды насихаттау, жастарды кітап оқуға баулу және мешітке келуші жамағатқа дұрыс діни ақпарат беріп, түрлі кереғар діни ағамдардан сақтандыру болып саналады», – деді М.Естеміров.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 92 мешітінің барлығынада «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышы ашылған. Осы шағын кітапханаға ҚМДБ-ның сараптауынан өткен Құран, хадис, ислам және пайғамбарлар тарихы, ақида-сенім, дін мен дәстүр, әдептілік, муалим сәни, т.б діни әдебиеттермен толықтыру жұмысы қолға алынды.
Қасиетті Рамазан айы – Құран аяттары назыл болған ай. Осы айда әрбір азамат мешітке кемінде бір кітап болсада сатып алып үлес қосу – үлкен сауапты амал. Барша жамағатты осы бастамаға қолдау көрсетуге шақырамыз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі