Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының биыл жолдаған бағдарлық баяндамасына орай «Рамазанда мешітке кітап сыйла» акциясы аясында «Muftyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасы  «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми кітапханасында өткізілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров,  «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және Жастар ісі секторы ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Аталмыш оқу ордасының ғылыми кітапханасына «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Қалып», «Жұма уағызы ІІІ том», «Ой салар оқиғалар», «Пәтуалар жинағы –  төртінші кітап» сынды әртүрлі құнды кітаптармен толықты.

Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болып шешілді.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38