Әбу һурайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Әйелдің төрт нәрсесіне қарап некелеседі: мал-мүлкіне, тегіне, сұлулығына және діндарлығына. Сен мүмкіндігің барынша діндарды таңда».
Хадиске түсініктеме:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) үйленетін жас жігіттерге әрдайым сыртқы сұлулықтан гөрі ішкі жан дүниенің сұлулығына қарауды өсиет еткен. Өйткені жанның сұлулығы ескірмейді, әрі нағыз сұлулықтың өзі болып есептеледі. Ал сыртқы келбет көп уақыт өтпей гүл секілді солып, өз кейпінен айырылады. Әдемілігі таңданарлықтай дәрежеде болса да, күндердің күнінде қараусыз хәлге келетіндіктен шынайы бақытқа жеткізе алмайды.
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у) үйленетіндерге айтқан өсиеттерінің бірі: «Әйелдердің сұлулығына бола некелеспеңдер. Оның сұлулығы мінезінің өзгеруіне алып баруы мүмкін. Оларға дүние-мүлкіне бола үйленбеңдер, дүние-мүлік оларды азғындыққа соқтыруы мүмкін. Әйелдерге діндарлығы үшін үйленіңдер. Жыртық киімді қара әйел болса да діндар әйел әлде қайда артық».
Әйел кісі де еркісінің бойынан діндарлық сипатын іздеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл тұрғыда: «Сендерге діні мен мінезіне көңілдерің толарлық ер жігіт қыз сүрап келсе, оған қыздарыңды беріңдер. Егер бүлай істемесеңдер жер бетін жанжал жайлайды. Сонда бір сахаба:
-Уа Алланың елшісі! Егер ол кедей әрі тексіз болса да ма? – деп сүрағанда Хазіреті Пайғамбар:
– Сендерге діні мен мінезіне көңіл толарлық ер кісі қыздарыңды сұрап келсе, қыздарыңды беріңдер» деп үш рет қайталады.
Хазіреті Хадиша Хазіреті Пайғамбарымызбен (с.а.у.) жесір ретінде тұрмыс құрса да оған дүние-мүлкімен жәрдем беріп, Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) өмірінде ұмытылмастай із қалдырған. Оған деген сүйіспеншілігінің күштілігі соншалық, тіпті онымен сөйлесуге рүқсат сұрап келген Хуәйлидің қызы Халаның даусын естігенде, оның даусын Хазіреті Хадишаның даусына ұқсатып қуанғанынан тұла бойын еріксіз діріл билеген екен.
Хазіреті Айша оның бұл әрекетін қызғанып, «оны неге мұншалықты төбеңізге көтересіз?» дегенде, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) оның бұл сөзіне ашуланып, Хазіреті Хадиша жайлы: «Мен оны өте жақсы көремін» деп Хазіреті Хадишаның жан дүниесінің сүлулығын өз жанында қалдырған.
Шымкент орталық мешіті