ҚМДБ Шымкент қаласы, Тұран аудандына қарасты «Әл-Муслим» мешітінде аудандық атқаратын іс шараларды пысықтау жиыны өтті.
Арнайы аудандық жиынға Қала Бас имамының орынбасары,Тұран ауданының кураторы Ерман Бекбауов, Тұран ауданының Бас имамы Құрбанбаев Батырхан Сматуллаұлы, және ауданға қарасты барша имамдар қатысты.
Шымкент қаласы Бас имамының орынбасары Тұран ауданының кураторы Ерман Бекбауов Бас муфти Наурызбай Қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен Тұран ауданының Бас имамы Құрбанбаев Батырхан Сматуллаұлы тағайындалғанын және осы жыл “Ислам және дәстүр құндылығы” жылы деп жариялағанын жеткізіп, Осы жылы 5-бағытқа басымдылық беретіндігін және әр салаға жауапты мамандарды бекітіп, тек сала басшылары емес барлық мешіт имамдары белсене атсалысып жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Тұран ауданының Бас имамының орынбасары Жарасов Арман әрбір салаға жауапты мамандарды жеке-жеке атап, атқаратын сала бойынша жұмыс жасау барысын атап шықты.
Шымкент қаласы Тұран ауданының Бас имамы Құрбанбаев Батырхан Сматуллаұлы имамдармен танысып, бұл дін жолындағы жауапты қызметті абыроймен жақсы атқаруды жаратқан Алла нәсіп етсін деп сөзін бастап, жоғарыда айтылған Қала Бас имамының тапсырмаларын, бөлінген әрбір салаға тоқтап, жекелеп ашып түсіндірді. Сөз соңында тек сала мамандары емес, баршамыз бірлесіп білек сыбанып, қызмет етейік деп аудандағы имамдарды ауыз біршілікке, қызметте белсенді болуға шақырды.
Жиын соңында аудан имамдары, Батырхан Сматуллаұлына көкейінде жүрген сұрақ қойылды, аудан Бас имамы алдағы уақытта біргелесіп шешуді айтты, Алла екі дүниенің жақсылығын
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі