Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық “ Байғұт баба” мешітінің бас имамы Дастан Сүлейұлының бастамасымен “Ислам және Дәстүр құндылығы” жылы аясында өкілдікке қарасты Қаратау ауданы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Әжелер мектебі“ құрылды. Аудан имамы кездесу барысында Қала имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, әжелерміздің қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтты. Жақсы әйелдің сөзінде даналық, рухында нәзіктік пен кіршіксіз тазалық, адамдармен қарым-қатынасында әрдайым өзін еріксіз сыйлататын және құрмет тудыратын қасиет болады”,- дей келе Дастан Сүлейұлы бүгінгі қоғамдағы отбасылық құндылықты сақтауда әжелердің атқаратын ықпалы зор екенін айтты. Әжелер мектебінің жеткешісі: Гүлжан Нұрланқызы, Төрайымы мешітіміздің жанашыры әрі белсенді шәкірті Мадина апамыз тағайындалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі