Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшілігімен түрлі жобалармен кітап сайыстары өткізілуде. Олар «Бір айда бір кітап», «Кітап  – үнсіз ұстаз» , «Кітап әлеміне саяхат».  Міне бүгін «Бір айда бір кітап» жобасымен Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағаты арасында «Шәмәил Мухәммәдия» кітабынан жарыс өткізілді. Жамағат жарысқа кітапты бір жарым ай көлемінде оқып дайындық жасап, Пайғамбарымыздың ( Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) Шәмәилінен әсерлі  мағлұматтармен сусындалып, жаңа тұсынан тани түсті. Жарыста алдымен жеке жеке тест сұрақтарына жауап беріліп, келесі бөлімдерде топтарға бөлініп қызықты ұяшықты сұрақтар болды. Жарыста ең үлкеніміз 68 дегі апамызда атсалыса қатысты. Сұрақтарға белсенді жауап бергендер марапатталды. Сонымен қатар, көрермендерге де Алла елшісінің ( Аллатың Оған игілігі мен сәлемі болсын ) көркем сипаты бойынша сұрақтар қойылып, жауап бергендерге сый тарту етілді.
Бұл жарыс дәл осы кітаппен Қождан ата Жиеней мешітінің әйел-қыздар жамағатымен жалғасын таппақ.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38