Шымкент қаласында «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Бір айда бір кітап», «Кітап – үнсіз үстаз», «Кітап әлеміне саяхат» жобаларымен кітап оқу жарыстары өтілуде. Міне бүгін осы жобалардың бірі
«SAFA» ханымдар орталығында «Кітап – үнсіз Ұстаз» атты оқырман клубы кезекті кітаптың қорытынды кездесуін өткізді.
Бұл жолы клуб шәкірттері Абдулхаким Санжардың «Халифа Омар Фаруқ р. а» атты еңбегін оқып тәмәмдады. Кітапты оқушы саны 20 шәкірт болса, қорытынды кездесуде 6 шәкірт бақ сынасты. Ұйымдастырушылар осы кітап бойынша түрлі әдістермен сұрақтар қойылып сайыс жүзеге асты. Сайыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, ал басқа оқырмандарға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Шәкірттер кітаптан өнеге алар дүние көптігін және Омар (р.а.)-дың 14 ғасыр бұрынғы бастамаларының жалғасы әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқанын оқып таңқалыстарын айта өтті.
Аллаһ шәкірттеріміздің зейінін ашып, оқып білгендеріне амал етуді нәсіп етсін. Жетекші ұстаздарға және клуб мүшелеріне алғысымыз мол.