ҚМДБ Шымкент қаласы, қалалық Жастар ісі секторының 2024 жылға дайындық пен жылдық жасалатын ауқымды және күнделікті жасалатын жұмыстарды жоспарлау жиналысы өтті. Аталмыш жиналысты Жастар ісі секторының жетекшісі Абдуайт Али өткізіп, жаңадан Жастар ісі секторына маман болып тағайындалған жауаптылармен таныстырды. Жиналысқа Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарының жауаптылары қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі