ҚМДБ Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде
Имамдардың діни білімін арттыруға арналған бірнеше семинар дәріс өтті. Арнайы семинар жұмысына қала бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміров, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын және ауданға қарасты барша имамдар қатысты.
Атап айтқанда:
– ҚМДБ төрағасы бас мүфтиіміздің биылғы жылға
“ Бір айда бір кітап оқы “ атты үндеуінің аясында “ Устази аууал “ кітабынан Еңбекші ауданы «Сулайман ата» мешітінің имамы Сухраб Шадмат дәріс өтті.

– ҚМДБ Шымкент қалалық “ Шариғат және Пәтуа” бөлімінің жетекшісі ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің имамы Берік Шотабеков“ Неке” жайында және басқа да қазіргі таңда жиі қойылып жатқан сұрақтарға түсіндіру мақсатында дәріс оқыды.

– ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Қазыбек Сарыбаев
“ Халал өнім ” жайлы ақпарат беріп , адал астың артықшылығы жайында тоқталып өтті.

– ҚМДБ Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінің ұстазы Абдурахим Абдулов «Тәжуид және құран ілімі» негізінде дәріс өтті.

– ҚМДБ Шымкент қаласы Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын Орын «ҚАМҚОР ШАРАПАТ» мұсылманша жерлеу рәсімі бойынша хабарландыру жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, жоғары деңгейде өткен семинар аясында имамдарымыз өздеріне мол ақпарат алды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38