ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында жолдаған бағдарлық баяндамасы аясында  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Діни оқу-ағарту бағыты»  бойынша  «Имандылық үйірмесі»  ашып, жұмысын бастады.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  Қазыбек Сарыбаев,  қалалық «Жастар ісі»  секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова және имамдар мен ұстаздар қатысты.

Имандылық үйірмесінің негізгі мақсат –  діни сауат ашу бағыты бойынша жастарымызға діни білім мен бірге ұлттық дәстүрімізді үйрету, түрлі кереғар ағымдардан сақтандыру және Құран және тәжуид ілімі,  көркем әдептілік сынды асыл құндылықтар қамтылады.

Айта кетсек, «Имандылық үйірмесі» ҚМДБ-ның оқу-ағарту бағдарламасы аясында Шымкент қаласы бойынша орналасқан барлық мешіттерде ашылып, жыл бойы тұрақты түрде жүргізіледі.   

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38