Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде Ардақты Пайғамбарымыздың туылған айына орай мәуліт мерекесі аталып өтті. Іс-шара барысында дін мен дәстүр аясында сұрақ жауаптар мен спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Қариларымыз Мәуліт дұғасын оқыды. Ахметжан қажы, Мұхаммеджан қажы, Самат қажы, Бекайдар қажы бастаған Шымкент қаласының бірнеше имамы дастаханымыздың қадірлі қонағы болды. Алла баршамызға Пайғамбарымыздың шапағатын нәсіп етсін!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38