Намаз орындауда салғырттық танытып, еріншектікке ерік бермеу қажет. Өйткені нәпсі адамға опық жегізеді. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿إِنَّ النَّفْسَ لأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ﴾
«Расында нәпсі жамандыққа бастайды» (Жүсіп, 53).
Намазды жалқаулықпен орындау, не басқаларға көрсету үшін оқу екіжүзділердің сипаты. Сондықтан да ондай теріс әдеттен абай болған жөн. Жаратушы Хақ Тағала былай дейді:
﴿إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُواْ إِلَى الصَّلاَةِ قَامُواْ كُسَالَى يُرَآؤُونَ النَّاسَ وَلاَ يَذْكُرُونَ اللّهَ إِلاَّ قَلِيلاً﴾
«Шындығында мұнафықтар Алланы алдайды, алайда Ол оларды алдайды. Олар намазға тұрғанда адамдарға рия етіп, жалқау күйде тұрады әрі Алланы аз ғана зікір етеді» (Ниса, 142).
Негізінде тақуалық пен бұзықтық әрбір адамның бойында бар туа бітті сипаттар. Раббы Тағала бұл жайында былай дейді:
﴿وَنَفْسٍ وَمَا سَوَّاهَا * فَأَلْهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقْوَاهَا * قَدْ أَفْلَحَ مَن زَكَّاهَا* وَقَدْ خَابَ مَن دَسَّاهَا﴾
«Жан мен оны теңестіргенге серт. Ол оған бұзықтықты да, тақуалықты да ендіргенге. Кім оны тазартса құтылды. Ал кім кірлетсе ол тұтылды» (Шәміс, 7-10).
Ал кім өзінің бойындағы нәпсілік сипаттарды тежеп, оны көркем сипаттармен ауыстырса, оның сыйы бейіш болмақ.
﴿وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ وَنَهَى النَّفْسَ عَنْ الْهَوَى * فَإِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَأْوَى﴾
«Кім өзінің нәпсісін әуейіліктен тыйса, оның барар орны – жәннат» (Назиғат, 40, 41).
Алланың елшісі (с.а.с.) сахабаларына адамның өз нәпсісін тәрбиелеп, теріс сипаттарын дұрыстауы ең үлкен жиһад болып табылатындығы туралы айтқан. Бұл тақырыпта төмендегідей хадистер бар.
عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ قَدِمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ غُزَاةٍ لَهُ فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللهُ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «قَدِمْتُمْ خَيْرَ مُقَدَّمٍ وَقَدِمْتُمْ مِنَ الْجِهَادِ الأَصْغَرِ إِلَى الْجِهَاد الأَكْبَرِ»، قَالُواْ: «وَمَا الْجِهَادُ الأَكْبَرُ، يَا رَسُولَ اللهِ؟»، قَالَ: «مُجَاهَدَةُ الْعَبْدِ هَوَاهُ». مِنْ كِتَابِ ذَمِّ الْهَوَى لِإِبْنِ الْجَوْزِيِّ.
Жәбірден жеткен риуаятта ғазауаттан оралған сахабалар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келгенде ол (с.а.с.): «Жақсы келіспен келдіңдер! Кіші жиһадтан үлкен жиһадқа келдіңдер», – дейді. Олар: «Уа, Расулалла! Үлкен жиһад деген не?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Ол – пенденің өз нәпсісімен күресі», – деген екен.
عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ أَعْرَابيٌّ إِلَى النَّبيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللهِ، أَيُّ النَّاسِ خَيْرٌ؟»، قَالَ: «مُؤْمِنٌ مُجَاهِدٌ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فِي سَبِيلِ اللهِ، ثُمَّ رَجُلٌ مُعْتَزِلٌ فِي شِعْبٍ مِنَ الشِّعَابِ يَعْبُدُ رَبَّهُ».
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) таратқан риуаятта Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір бәдәуи араб келіп: «Уа, Расулалла! Адамдардың ең жақсысы кім?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ол (яғни, ең жақсы адам) – нәпсісімен күрескен мүмін, содан кейінгісі тау аңғарларының бірінде оңашаланып Раббысына құлшылық еткен адам», – дейді.
عَنْ فُضَالَةَ بْنِ عُبَيْدٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «الْمُجَاهِدُ مَنْ جَاهَدَ نَفْسَهُ فِي اللهِ عَزَّ وَجَلَّ».
Фудала ибн Убайд Алланың елшісінің (с.а.с.): «Мужаһид (күрескер) дегеніміз даңқты әрі ұлық Алланың жолында өзінің нәпсісімен күрескен жан», – дегенін естігендігін жеткізген.
عَنْ سَعْدِ بْنِ أَنَسٍ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «لَيْسَ عَدُوُّكَ الَّذِي إِذَا قَتَلَكَ أَََدْخَلَكَ الْجَنَّةَ وَإِذَا قَتَلْتَهُ كَانَ نُورًا لَكَ وَإِنَّمَا أَعْدَى عَدُوِّكَ نَفْسُكَ الَّتِي بَيْنَ جَنْبَيْكَ».
Сағыд ибн Әнес Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Шындығында сенің нағыз дұшпаның, егер оны өлтірсең сенің жұмаққа кіруіңе себеп болатын, егер оны өлтірсең саған нұр пайда болатын (кәпір) адам емес. Шындығында сенің ең адуынды дұшпаның – өзіңдегі нәпсің».
وَقَالَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ فِي وَصِيَّتِهِ لِعُمَرَ حِينَ اسْتَخْلَفَهُ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا أُحَذِّرُكَ نَفْسُكَ الَّتِي بَيْنَ جَنْبَيْكَ».
Пайғамбардың (с.а.с.) осынау өсиетін іс жүзіне асырған оның ардақты сахабасы Әбубәкір Сыддық (р.а.) өлерінің алдында өзінен кейін мүміндердің әміршісі болғалы тұрған Омарға (р.а.): «Уа, Омар! Сені ең әуелі өзіңдегі нәпсіңнен сақтандырамын», – деп өсиет еткен.
Расында да нәпсінің кесапаттары туралы алдыңғы толқындағы мұсылмандар сахабалар, олардың ізбасарлары, олардан кейін келген ізгі мұсылмандар, тақуалар мен ғұламалар талай ой толғап, кейінгілерге өсиет айтып кеткен. Мысалы, Әли (р.а.) былай деген екен: «Алланың алдында адамдардың ең жақсысы бол, нәпсіңнің алдында адамдардың ең жаманы бол, адамдардың алдында адамдардың біреуі бол». Хакім-даналардан мынадай сөз қалыпты: «Кімде-кім Алладан артық жанашырым, жақыным бар деп ойласа, бұл оның Алла жөніндегі танымының аздығын білдіреді. Кімде-кім өзінің нәпсісінен асқан дұшпаным бар деп ойласа, бұл оның өзінің нәпсісін танымағандығын білдіреді».
Шымкент қаласы орталық мешіті