Шардара қаласы №1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Е. Ақбердиевтің ұйымдастыруымен жайылған дастархан басында аудан имамы А. Данияров «Рамазан жақсылық жаршысы», – атты тақырыпта уағыз – насихат айтты. ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті рамазан айына үндеуіне тоқталып, қасиетті берекеге толы айда Алла Тағала разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасап мол сауап жинайтын қасиетті ай. «Рамазан – қайырымды жандар үшін мол мүмкіндіктер маусымы. Оразада жасалған әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.а.с) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?», – деп сұрағанда, ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген екен.
Қасиетті айдың құрметі үшін азық – түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ – шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегін білдірген болатын деп, Бас мүфти үндеуін қолдауға шақырды.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.