Өскемен қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және Халифа Алтайдың ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференцияда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы осылай деді.
«Халифа Алтай дүниеден өткенімен, оның сонау Алтай тауларынан басталып, Анадолыға, одан атамекен – Қазақстанға қоныс аударған кездегі арпалыс пен тауқыметке толы өмір жолы Алаш тарихында алтын әріппен жазылып, санамызда өшпестей із қалдырды. Оның қаламынан туған кесек шығармалар отаншылдық сезімнің қайнар-бұлағы, ол тәржімалаған қасиетті Құран-Кәрім әрбір қазақтың шамшырағы десек әсте қателеспейміз», – деп атап өтті Бас мүфти.
Айта кетейік, халықаралық конференция жұмысына белгілі ғалым, ғылым докторы Ислам Жеменей, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Қорабай, республикалық Алаштану орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай, Ресейдің Омбы аймағының мүфтиі Бота қажы Бакулин, Ресейдің Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев, т.б. ғалымдар қатысып, мазмұнды баяндама жасады.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
www.muftyat.kz