IMG 1010

IMG 1010

Алла тағала қасиетті Құран кәрімде: «Расында, мүминдер бір- біріне бауыр»- деп, адамдардың жанашыр, мейірімді бола білуін міндеттеген. Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) мұсылманның бір- біріне деген хаққыларыменен міндеттерін де сахабалар мен үметтеріне жеткізіп, аманат етіп қалдырған болатын. Бүгін Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті, «Жастар ісі» бөлімі және «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан мешіт қызметкерлері және жамағаттардың қатысуымен Расулымыз (с.а.с)-нің сүннетін орындау үшін «Бауырыңа өмір сыйла» атты Мақтарал аудандық қан орталығы ОҚО филиалында донорлық қан тапсыру қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шараға 50 ден астам мешіт имам- молдалары мен ұстаздары жиырмаға тарта мешіт жамағаттары қатысып, ат салысты. Бұл іс- шара ҚМДБ тапсырмасы бойынша ауданымызда әр жыл сайын іске асырылып тұрады. Алла тағалам қайырымдылық істерімізді қабыл етіп, өзге мұсылманға жәрдемге себепкер болуды баршамызға нәсіп етсін!

 

IMG 1005

IMG 1006

IMG 1007

IMG 1008

IMG 1009

 

IMG 1010

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38