ОҚО, Шымкент қаласы, Қаратау ауданының ұйымдастырумен Шымкент қаласына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық Өзбек драма театрында «Алла Елшісіне (с.а.у.) сағыныш» атты мәуліт рухани мерекесі аталып өтті. Жұма күні мәулітке жиналған халықтың ықыласы ерекше болды. ЛЭД экранда «Алла Елшісіне (с.а.у.) сағыныш хат» атты бейнесюжет көрсетілді.
Мәуліт мерекесіне ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, аудан әкімі Ғ Исмаилов, облыс депутаттары, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, аталар-әжелер ардагерлер кеңесінің төрағалары, студенттер, аудан имамдары, ауыл төбе билері, жер-жерлерден келген қонақтар қатысты. Әуелі халықтың көңіліне ой салатын, жүрекке иман нұрын себетін Алланың аяттары оқылды. Құранды «Сайрам Жами» мешітінің найб имамы М Мирходжаев оқыды. Аудан әкімі Ғ Исмайлов аудандағы діни ахуалға тоқталып, халықты мәуліт мерекесімен құттықтады. Ал бұдан кейін сөз алған Облыс өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен үзінділер келтіріп, мәуліт мерекесінің жалпы мұсылман үмбетіне беретін әсеріне тоқталды. Киелі түркістан қаласынан келген Түркістан сазды драма театрының өнерпаздарысахналыққойылымкөрсетіп,халықтың көңілін бір серпілтіп тастады.Ұстаз Ерғали Алпысбаев Алла Елшісіне (с.а.у.) сағыныш жайлы әсерлі уағыз айтты. Мәулітті Шымкент қаласының имамдарымен, «Ықылас» қарилар дайындайтын медресе шәкірттері оқыды. «Асыл мұра» өнер орталығының әншісі А Жорақұлов иләһи ән айтты. Қ Бәйтенов «Хадис» атты термесін орындап берді. «Өнегелі өмір» атты бейне ролик көрсетілді.Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұловтың айтысы жиналған жұртың көңілін көтеріп, ерекше әсер сыйлады. Ақындар елдікді, ұлтаралық татулықты айтты. Сайрам тұрғындары, мешіт имамдары ақындардың сөзіне риза болғаны соншалық құрметтеп қос ақынға шапан жапты.
Мерекелік іс-шараның соңында аудан имамы Б Қалдаров мәуліт мерекесінің жоғары дейдейде өтуіне атсалысқан жергілікті билік өкілдеріне, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтты. Жалпы ислам дінінің өркендеуіне өз үлесін қосқан ауданның алты азаматы Облыс өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің алғыс хатымен марапатталды. Қасиетті Жетісу өңірінен арнайы келген Данияр Құрамысовтың илаһи әндерімен мәуліт мерекесі аяқталды. Мерекелік іс-шара «Ислам» халал дәмханасында жайылған дастарханда жалғасын тапты. Халық Мәуліт мерекесінің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына дән риза болып тарқасты.
ОҚО, Шымкент қ, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі