Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін жан-жақты насихаттау мақсатында «Муфтият» баспасының қолдауымен дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровтың «Мәулітнама» атты кітабы жарық көрді.
Бұл кітап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында әзірленіп, оқырманға жол тартты.
Кітап медресе және діни сауат ашу курсының шәкірттеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Айта кетейік, кітап авторы Мұхамеджан Естеміровтің бұған дейін «Әл-Фараби өсиеттері», «Хәкім Абай һәм Ихсан ілімі», «Әжемнің насихаты», «Қожа Ахмет Ясауидің даналық сөздері», «Намаз үйренейік», «Мұхтасар», «Ясауитану әліппесі», т.б. бірнеше кітаптары мен ғылыми мақалалары жарық көрген. Жуырда кітап тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылады. Жаңа кітаптың оқырманы көп болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38