Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мешітке кітап сыйла» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Игі бастамаға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Ахметжан Керімбек, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының қызметкерлері мен мешіт имамдары қатысты.
Шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Ясауитану әліппесі», «Жұма уағызы», «Мәулітнама», «Ізгілікке бастар жол», «Пәтуалар жинағы, «Жаратылыстың жауһары» және өзге де барлығы 10 түрлі құнды кітап мешіт кітапханаларына табысталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38