Шымкетте облыстық орталық мешітінде имамдарының біліктілігін көтеруге арналған семинар-тренингі өтті. Бұл семинар-тренингіне мұрындық болған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі мен ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ. Семинар-тренингінің тақырыбы бүгінгі таңда ақида және фиқһ пәндерінің өзекті деп саналатын мәселелерін зайырлы қоғамдағы халыққа жеткізу жолдарына арналып, оған бірқатар білімді әрі білікті мамандар шақырылды. Атап айтқанда: Рүстем Сыздықов (РАНТ мүшесі, Қарағанды), Аңсар Өсербаев (ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының орынбасары), Нұржан Тұрсынбай (ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің директоры) және т.б. имамдар мен теологтар баяндама жасады. Облыстық семинар-тренингін ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек ашып, аталмыш іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Семинар соңында қатысқан имамдарға сертификат табыс етіліп, алдағы уақытта мұндай семинарлар жалғасын табатындығы айтылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі