Алланы мадақтап, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз екені белгілі.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен «Асыл мұра» өнер орталығы бірлесіп  пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесіне арналған «Адамзаттың асылы!» атты рухани мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Бұл шара Шымкент қаласы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығында ұйымдастырылды.Мерекелік іс-шараға ардагерлер мен зиялы зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар, оқу орындарының студенттері, «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері мен қарилар орталығының шәкірттері, ҚМДБ ОҚО бойынша мешіт имамдары мен жамағаты, Шымкент қаласының тұрғындары  және БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.

Рухани шара  алдымен  Құран оқумен басталып,  артынша ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек құттықтау сөз сөйледі.

Рухани шараны белгілі әнші Бекзат Сәкенұлы жүргізіп отырды. Осыдан кейін, Шымкенттік «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздары сахналық қойылымы ұйымдастырылып, термеге,  ақындар айтысы мен концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жалпы,  қатысушы жамағайын рухани нәр алып, тарасты.

        

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38