Алла Тағала нәсіп еткен қабілеттері мен қасиеттеріне, табиғаттарына орай, періштелер ішіп-жеуге мұқтаж етілмеген. Бұған мысал ретінде Ибраһим пайғамбарға (ғ.с.) Алланың әмірімен қонақ болып келген періштелерді айтуға болады. Ибраһим (ғ.с.) қонақ туралық салтымен оларға дастархан жайып, тағам әзірлейді. Бірақ, олар ешқандай дәмге қол созбайды, жемейді. Хазіреті Ибраһим (ғ.с.) бұдан шошынып қалады. Бірақ, қонақтар өзінің кім екенін баяндаған соң, оның жүрегі орнына түседі:

«Саған Ибраһимнің құрметті қонақтары туралы хабар жеткен бе еді? Олар оның үйіне кіргенде сәлемдесті. Сендерге де сәлем болсын, ей, бейтаныс қонақтар!» – деді Ибраһим. Ол ақырын ғана жанұясына барды да, семіз бұзауды (сойып) алып келді. «Дәм алып отырыңыздар!» – деді оларға. (Олардың жемегенін көріп), іштей сескеніп отырды. Сонда олар: «Қорықпа!» – деді де, оны білімді перзенті болатынын айтып қуантты».[1]

 «Олардың тағамға қол созбағанын көріп, оларға күмәнмен қарады әрі іштей сескеніп қалды. «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың қауымына жіберілген елшілерміз», – деді олар».[2]

Осы және осы мәндес аяттарды негізге ала отырып, ғұламалар періштелердің ішіп-жемейтінін тұжырымдаған.

[1] «Зәрият» сүресі, 24-28.

[2] «Һуд» сүресі, 70.

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38