Намазды оқымастан бұрын оның әрбір пенде үшін маңыздылығын, түпкі болмысын білуі шарт. Себебі бір нәрсенің түпкілікті мән-мағынасын жете түсінбеген жан оған салғырт қарайды. Ең әуелі Алла Тағала бізді Өзіне құлшылық үшін жаратқан. Ал құлшылықтың ең бастысы – Жаратушыға сәжде етіп, намаз оқу.

﴿وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ﴾ 

Алла Тағала Құран Кәрімнің Зәрият сүресінің 56-аятында: «Жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым», – деген.

Намаз ақыл-есі түзу, балиғат жасына жеткен әрбір иман келтірген пенде үшін міндетті парыз. Ал орындамаса қабірге алып баратын мойнындағы қарыз.

﴿إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَّوْقُوتاً﴾ 

«Расында намаз иман келтіргендер үшін уақтылы парыз болынды» (Ниса, 103).

Сондай-ақ намазға салғырт қарау, қалай болса солай оқу, мәнісіне түсінбеу надандықтың белгісіне саналады. Бұрынғы адасқан қауымдар өздеріне түсірілген дінді дұрыс бағаламай, жаттанды дағды етіп, ақырында ойын-сауыққа, ермекке айналдырған. Құдай Тағала олар туралы былай деген:

﴿الَّذِينَ اتَّخَذُواْ دِينَهُمْ لَهْواً وَلَعِباً وَغَرَّتْهُمُ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا فَالْيَوْمَ نَنسَاهُمْ كَمَا نَسُواْ لِقَاء يَوْمِهِمْ هَـذَا وَمَا كَانُواْ بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ﴾ 

«Бүгін (Қиямет күні) осы күні Бізбен жолығатындықтарын ұмытқандары әрі аяттарымызды теріске шығарғандықтары сияқты діндерін ермек пен ойынға айналдырып, дүние тіршілігі еліктіргендерді (кәпірлерді) Біз де ұмытамыз» (Ағраф, 51).

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38