IMG 954

IMG 954

 

 

 

Шардара қаласы «Əбу Мансур əл – Матуриди» мешітінде Шардара ауданы бойынша Жастар ісі өкілі Н. Шəдекұлының ұйымдастыруымен Миғраж кешінің құрметіне ақсақалдар арасында бата жасаудан сайыс өтті. Аудан имамы А. Данияров, жамағатты Миғраж кешімен құттықтап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласында «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ республикалық имамдар форумында қабылдаған маңызды құжаттарға тоқталып өтті. Сөз соңында аудан имамы А. Данияров Шәдетхан, Князбек, Асылбек ақсақалдардың иығына қазақи дәстүрімізге сай шапан жауып, сыйлық табыстады. Егеменді еліміздің бірлігі мен ынтымағы үшін дұға тіледі.
Шардара ауданы Шардара орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 953

IMG 954

IMG 955

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38