IMG 951

IMG 951

 

 

 

ҚМДБ – ның ОҚО, «Шымкент» медресе колледжінің бітіруші түлектерімен Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров кездесу өткізді. Кездесу барысында бас имам А. Данияров шәкірттерге қысқаша аудан тарихымен таныстырып, Шардара ауданына бірлесе жұмыс жасауға шақырып, шалғай жатқан ауылдарда діни – ағарту саласы жұмыстарын жетілдіруде маман қажеттілігінің зор екенін атап көрсетті. Әр – бір ауыл мешіттеріне имамдық қызметке келетін шәкірттерге кәсіпкерлер арқылы қолдау көрсетілетінін тілге тиек етті. Сондай – ақ, медресе қабырғасында алған теориялық білімдерін практикалық іс жүзінде сауапты да жауапты қызметті шалғайда жатқан ауыл, аудан халқының діни білімін арттыруға жұмсаудың Алла Тағала құзырында сауапты іс екенін жеткізді.
Шардара ауданы Шардара орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 951

IMG 952

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38