IMG 957

IMG 957

Жуырда қаладағы орталық стадионда Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы футболдан ересектер арасында ІХ дәстүрлі ауданаралық турнир өтті.
Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен, аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебі мен аудандық балалар мен жасөпірімдер футбол мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген ауданаралық турнирді аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов салтанатты түрде ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бекзат бауырымыздың ағасы Мақсат Саттарханов және бір топ ағайын – туыс пен дос – жарандары сөз алып, естелік әңгімелер айтты.
Еліміздің әнұраны шырқалып болған соң, аудан имамы Асылхан қажы Данияров Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Сейілханұлының рухына құран бағыштады.
Ойынға бас төрешілік жасаған Жиенбек Тәліпов командаларды екі топқа бөліп, ойын «айналмалы» тәсілмен өтетіндігін хабардар етті. Турнирде 9 команда, атап айтар болсақ Шардара, Сарыағаш, Мақтарал, Арыс, Келес, Қызыләскер, Қазығұрт, Алатау батыр (Шардара), Қызылқұм (Шардара) командалары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Өз топтарында ІІ орынға ие болған Алатау батыр және Сарыағаш командалары үшінші орын үшін ойнап, 2:1 есебімен Алатау батыр құрамасы таза жеңіске жетті. Ал, ақтық сында Шардара – Арыс құрамалары күш сынасты. Нәтижесінде жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіп, аудан мерейін үстем етті. Жарыста І – ІІ – ІІІ орын алған командалар ұйымдастырушылар есебінен дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Шардараспорт-ақпарат».

IMG 956

IMG 957

IMG 958

IMG 959

IMG 960

IMG 961

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38