2017 жылдың 19-20-21 сәуір аралығында Шардара аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің қатысумен Достық, Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзын ата, Көксу, Қоссейіт, Қ. Тұрысбеков , Жаушықұм ауылдық округтерінде «Иманды ұрпақ – ел тірегі» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті. Кездесуге Шардара аудандық өлкетану мұражайының басшысы Н. Смайлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін жөніндегі әдіскері Н. Үсіпбек және жергілікті жерлердегі ауыл билері , ауыл имамдары және мектеп директорлары, жастар қатысты. Кездесуде Шардара аудандық өлкетану мұражайының басшысы Н. Смайлов, Елбасының халыққа Жолдауын баяндаса, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін жөніндегі әдіскері Н. Үсіпбек ауыл тұрғындарына ғаламдық мәселеге айналып отырған кереғар діни ағымдар, оның ішінде экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, кереғар діни ағымдарға еліктеп, адасып жүрген жастарды дәстүрлі ислам дінімізге тарту жолдарын атап көрсетті. Осы мәселе бойынша ауыл биі, ауыл ақсақалдары өз ойларын айтып пікір алмасулар өткізілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары тарапынан сұрақтарға жауаптар беріліп, әдістемелік кітапшалар таратылды.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.