Алланың шексіз даналығы мен мейірімінен бастау алған періштелердің болмысы нұр болғандықтан, адам баласы оларды жаратылған шынайы бейнесінде көре алмайды. Себебі, Алла адамдар көзіне нұрды көре алу қабілетін бермеген. Тек, олар адам кейпіне енгенде, немесе Алланың қалауымен басқа бір кейіпте заттанғанында ғана көре алуы мүмкін.[1]

Періштені шынайы болмысымен көрген жалғыз-ақ адам бар. Ол – пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Ол Жәбірейіл періштені жаратылған шынайы болмысында екі рет көрген.

Шымкент қаласы орталық мешіті

[1] Періштелердің адам кейпіне еніп пайғамбарларға келгені жайлы оқиғалар Құранда да, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де көптеп кездеседі. Мәселен, олардың Ибраһим пайғамбарға (ғ.с.), Лұт пайғамбарға (ғ.с.) келгені жайлы айтылады. Ал, әзиз Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Жәбірейіл періштенің адам кейпіне еніп келгені  жайлы хабарлардың өзі бір төбе.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38