Ақиқатында барлық мақтаулар Аллаға тән, оны ғана ұлықтаймыз, оған ғана құлшылық етеміз және де Ардақты Пайғамбарымызға оған алланың игілігімен сәлемі болсын
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған – туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс – күймейсін» – деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адам шейіт болады өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Кейбір ғалымдар «Туған жерді сүю – иманнан». Бұл сөзді әлсіз хадис немесе тақырып деп айтса да, оның мағынасы дұрыс екені айтылған.
Ислам діні өмірдің барлық саласын тұтастай қамтиды. Осы себепті ол Отан, мемлекет ұғымын белгілі бір шектерде бағалаған.
Мысалы, бір мұсылманның үйіне немесе мал-мүлкіне шабуыл жасалса, өзін қорғау және отанды қорғау дініміздің бұйрығы. Осы жолда өлсе, шейіт болады. Отан – барша мұсылмандардың ортақ үйі. Оны қорғау және сақтау – мұсылмандардың ортақ парызы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға
һижрет еткенде сол жерде болған яһудилермен келісімге қол қояды. Бұл келісімдегі маңызды баптардың бірі: «Отаны болған Мәдинаға шабуыл жасалса, бірігіп қорғанатынын айтқан». Демек, отанымызды қорғау үшін мұсылман еместермен де келісімге келуге болады,
Отанды қандай жағдайда да қорғау керек.
Мұсылман адам дінін, ар-намысын, жанын, мал-мүлкін қорғаған дай, Отанында мемлекетінде қорғайды.
Отанды қандай жағдайда болмасын, қорғау, дініміздің бұйрығы
Сөзінің соңында Мұқағали Мақатевтың Отан туралы өлеңімен аяқтаймын.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…
«Құрсай» мешітінің наиб имамы Кадиров Нышанбай Ауесбайұлы