Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿وَإِمَّا يَنزَغَنَّكَ مِنَ الشَّيْطَانِ نَزْغٌ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ﴾
«Ал егер саған шайтаннан бір азғыру келсе, Алламен сақтан, расында Ол (Алла) бәрін естуші һәм білуші» (Фұссилат, 36).
قَالَ سُلَيْمَانُ بْنِ صِرْدٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: »كُنْتُ جَالِسًا مَعَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَرَجُلاَنِ يَسْتَبَّانِ وَأَحَدُهُمَا قَدِ احْمَرَّ وَجْهُهُ وَانْتَفَخَتْ أَوْدَاجُهُ فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »إِنِّي لَأَعْلَمُ كَلِمَةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ عَنْهُ مَا يَجِدُ لَوْ قَالَ: أَعُوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ ذَهَبَ عَنْهُ الَّذِي يَجِدُ.« مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.
Сүлеймен ибн Сирд (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісінің (с.а.с.) жанында отырған кезімде екі кісі бір-бірі балағаттай бастады. Біреуінің, тіпті, беті қызарып, тамырлары білеуленіп кетті. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Шынында мен егер ол айтса оның бойындағы нәрсе кететін бір сөзді білемін. Егер ол «Әъузу билләһи минәш-шайтанир-ражим» («Алланың атымен қуылған шайтаннан сақтанамын») десе, оның бойындағы нәрсе кетер еді», – деді». (Бірауызды сахих хадис).
قَالَ عُثْمَانُ بْنِ أَبِي الْعَاصِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قُلْتُ: »يَا رَسُولَ اللهِ، إِنَّ الشَّيْطَانَ حَالَ بَيْنِي وَبَيْنَ صَلاَتِي وَبَيْنِ قِرَاءَتِي يُلْبِسُهَا عَلَيَّ«، فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »ذَاكَ شَيْطَانٌ يُقَالُ لَهُ خَنْزَبٌ، فَإِذَا أَحْسَسْتَهُ فَتَعَوَّذْ بِاللهِ مِنْهُ، وَاتْفُلْ عَنْ يَسَارِكَ ثَلاَثًا«، فَفَعَلْتُ فَأَذْهَبَهُ اللهُ عَنِّي.« رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Осман ибн Әбул-ас (р.а.) былай дейді: «Мен Алланың елшісіне (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Шынында шайтан мені мен намазымның, қырағатымның арасында тұрып, шатастырды», – дедім. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол Ханзаб деген шайтан, егер оны сезсең одан Алланың атымен сақтан, сосын со жағыңа үш мәрте түкір», – деді. Солай істеп едім, Алла мені одан құтқарды». (Мүслім риуаяты).
وَرَوَى الإِمَامُ أَحْمَدُ مِنْ حَدِيثِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ التَّمِيمِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا سَأَلَهُ: »كَيْفَ صَنَعَ رَسُولُ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حِينَ كَادَتْهُ الشَّيَاطِينُ ؟«، قَالَ: »جَاءَتِ الشَّيَاطِينُ إِلَى رَسُولِ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنَ الأَوْدِيَةِ، وَتَحَدَّرَتْ عَلَيْهِ مِنَ الجِبَالِ، وَفِيهِمْ شَيْطَان مَعَهُ شُعْلَة مِنْ نَارٍ يُرِيدُ أَنْ يُحْرِقَ بِهَا وَجْهَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، فَهَبَطَ إِلَيْهِ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلاَمُ فَقَالَ: »يَا مُحَمَّدُ، قُل، قَالَ مَا أَقُولُ«، قَالَ:» قُل أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّةِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ وَذَرَأَ وَبَرَأَ، وَمِنْ شَرِّ مَا يَنْزِلُ مِنَ السَّمَاءِ ، وَمِنْ شَرِّ مَا يَعْرُجُ فِيهَا، وَمِنْ شَرِّ فِتَنِ الليْلِ وَالنَّهَارِ، وَمِنْ شَرِّ كُلِّ طَارِقٍ إِلاَّ طَارِقاً يَطْرُقُ بِخَيْرٍ يَا رَحْمَنُ«، قَالَ : »فَطَفِئَتْ نَارُهُمْ ، وَهَزَمَهُمْ اللهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى«. مُسْنَدُ الإِمَامِ أَحْمَدَ 3/419 (15859).
Имам Ахмет Абдуррахман әт-Тәмимиден мынадай хадис риуаят етті. «Бір кісі Абдуррахман әт-Тәмимиден: «Шайтандар жабылмақшы болғанда Алланың елшісі (с.а.с.) оларға не шара қолданып еді?» – деп сұрайды. Сонда Абдуррахман: «Иә, шайтандар аңғарлардан шығып, тау-шатқалдардан түсіп жиналып тайлы-тұяғымен Алланың елшісіне (с.а.с.) келеді. Олардың арасында бір шайтанның қолында бір шоқ алауы бар екен. Ол онысымен Алланың елшісінің (с.а.с.) жүзін күйдірмекші болады. Сол мезетте аспаннан Жебірейіл періште (а.с.) түсіп, Пайғамбарға (с.а.с.): «Уа, Мұхаммед! Менің айтқанымды артымнан қайтала», – деп, мына дұғаны оқиды: «Алланың кемел сөздерімен жаратқан, жасаған, бар қылған жамандықтарынан, көктен түсетін жамандықтан, көкке өрмелейтін жамандықтан, түн мен күннің фитнә-кесапаттарынан, есікті ізгі ниетпен қағатындардан басқа қағушылардың кесірлерінен сақтанамын! Уа, Рахман!». Осы дұғаны айтқан кезде әлгі шайтандардың оттары өшіп, Алла Тағала оларды ойсырата жеңеді», – деп әңгімелеп берген екен». (Ахмет риуаят еткен).
Оқылуы: «Әъузу бикәлимәәтилләәһит-тәммәти миң шәрри мәә халақа уа зәра’а, уа бәра’а, уа миң шәрри мәә йәнзилу минәс-сәмәә’, уа мин шәрри мәә йаъружу фииһәә, уа миң шәрри фитәнил-ләйли уан-нәһаар, уа миң шәрри кулли таариқин илләә таариқан йатруқу бихайрин, йаа Рахмәән!».
وَعَنْ مُحَمَّدٍ بْنِ يَحْيَى بْنِ حِبَّانَ أَنَّ خَالِدَ بْنِ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَصَابَهُ أَرَقٌ فَشَكَا ذَلِكَ إِلَى النَّبِي صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَأَمَرَهُ أَنْ يَتَعَوَّذَ عِنْدَ مَنَامِهِ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّةِ مِنْ غَضَبِهِ وَمِنْ شَرِّ عِبَادِهِ وَمِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ وَأَنْ يَحْضُرُونَ .
Мұхаммед ибн Яхия ибн Хиббанның жеткізуінше Халид ибн Уалид (р.а.) ұйықтай алмай, Пайғамбарға (с.а.с.) шағынғанда, ол (с.а.с.) ұйқыға жатарда Алланың кемел сөздерімен Оның ашуынан, пенделерінің кесірлерінен, шайтандардың азғыруларынан әрі олардың келулерінен сақтануға бұйырған.
Аталған дұғаның оқылуы: «Аъуузу бикәлимәәтилләәһит-тәәммәти мин ғадабиһи, уа шәрри ъибәәдиһи, уа мин һәмәзәәтиш-шайаатыйни уа ән йахдуруун».
وَعَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ شَكَا خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: »يَا رَسُولَ اللهِ، مَا أَنَامُ مِنَ الأَرَقِ«، فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَقُلْ:» اَللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَمَا أَظَلَّتْ، وَالأَرَضِينَ وَمَا أَقَلَّتْ، وَرَبَّ الشَّيَاطِينِ وَمَا أَضَلَّتْ، كُنْ لِي جَارًا مِنْ شَرِّ خَلْقِكَ كُلِّهِمْ جَمِيعًا أَنْ يُفْرِطَ عَلَيَّ أَحَدٌ مِنْهُمْ أَوْ يَطْغَى عَلَيَّ، عَزَّ جَارُكَ وَجَلَّ ثَنَاؤُكَ، وَلاَ إِلَهَ غَيْرُكَ وَلاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ.«
Бурәйданың айтуынша Халид ибн Уалид (р.а.) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Ұйқым қашып, мазам кетіп жүр», – еп шағынғанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Төсегіңе жатарда «Уа, Алла! Жеті көктің және олардың көлеңекесі түскеннің Иесі, жерлер мен олар көтеріп тұрғанның Иесі, шайтандар мен олар азғырғандардың Иесі! Күллі жаратылысыңның кесірлерінен, олардың біреуінің кесірлік қылуынан немесе жәбірлеуінен маған Жар болғайсың! Саған жақын болған даңқты һәм Сенің мақтауың ұлық-ты, Сенен өзге тәңір жоқ, Сенен басқа құдай жоқ» деп айт», – деген».
Дұғаның оқылуы: «Аллааһуммә раббәс-сәмәуәәтис-сәбъи уа мәә азалләт, уал-арадиинә уа мәә ақалләт, уа раббәш-шайаатыйни уа мәә адалләт, кун лии жәәран мин шәрри ъибәәдикә куллиһим жәмииъән, ән йуфритә ъәләййә әхәдун минһум әу ән йатға ъәләййә, ъәззә жәәрук уа жәллә сәнәәук, уа ләә иләәһә ғайрук, уа ләә иләәһә иллә әнтә».
كَانَ مُحَمَّدٌ بْنُ وَاسِعٍ يَقُولُ كُلَّ يَوْمٍ بَعْدَ صَلاَةِ الصُّبْحِ: »اللَّهُمَّ إِنَّكَ سَلَّطْتَ عَلَيْنَا عَدُوًّا بَصِيرًا بِعُيوُبِنَا، يَرَانَا هُوَ وَقَبِيلُهُ مِنْ حَيْثُ لاَ نَرَاهُمْ، فَأَيِّسْهُ مِنَّا كَمَا أَيَّسْتَهُ مِنْ رَحْمَتِكَ وَقَنِّطْهُ مِنَّا كَمَا قَنَّطْتَهُ مِنْ عَفْوِكَ وَبَاعِدْ بَيْنَنَا وَبَيْنَهُ كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَهُ وَبَيْنَ رَحْمَتِكَ إِنَّكَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ. قَالَ فَتَمَثَّلَ لَهُ إِبْلِيسُ يَوْمًا فِي طَرِيقِ الْمَسْجِدِ فَقَالَ لَهُ: يَا ابْنَ وَاسِعٍ، هَلْ تَعْرِفُنِي؟ قَالَ: وَمَنْ أَنْتَ؟ قَالَ: أَنَا إِبْلِيسُ. فَقَالَ: وَمَا تُرِيدُ؟ قَالَ: أُرِيدُ أَنْ لاَ تُعَلِّمَ أَحَدًا هَذِهِ الاِسْتِعَاذَةَ وَلاَ أَتَعَرَّضُ لَكَ، قَالَ: وَاللهِ لاَ أَمْنَعُهَا مِمَّنْ أَرَادَهَا فَاصْنَعْ مَا شِئْتَ.«
Мұхаммед ибн Уасиғи деген тақуа кісі әрбір күні таң намазынан кейін: «Уа, Алла! Шындығында Сен бізге айып-кемшіліктерімізді, біз көре алмасақ та, ол әрі ол сияқтылар бізді көре алатын сондай бір дұшпанды үстем еттің. Енді оның үмітін Өзіңнің рахымыңнан үздіргенің секілді бізден де біржола үмітін үздір, оны Өзіңнің кешіріміңнен күдерін біржола үздіргеніңдей бізден де мүлдем күдерін үздір, оны мен біздің арамызды оны мен Өзіңнің рахымың арасындай алыстат. Расында Сен барлық нәрсеге Құдіреттісің», – деп дұға қылатын еді. Оның айтуынша бір күні мешітке бара жатқан жолында адам кейпінде Ібіліс жолығады. Ол: «Ей, Уасиғұлы мені танисың ба?» – дейді. Мұхаммед: «Жоқ, сен кімсің?» – дейді. Ол: «Мен – Ібіліспін», – дейді. Мұхаммед: «Саған не керек?» – деп сұрайды. Ібіліс: «Мен сенің айтып жүрген сақтану дұғаңды ешкімге үйретпеуіңді сұраймын. Солай етсең саған ешқашан да кедергі келтірмеймін», – дейді. Сонда Мұхаммед: «Уаллаһи, оны үйренгісі келген адамға еш тыйым салмаймын. Қалағныңды қыл!» – дейді.
Дұғаның оқылуы: «Аллаһуммә иннәкә сәллаттә ъәләйнәә ъадууән басииран биъуйуубинә йәраанәә һуа уа қабиилуһу мин хәйсу ләә нәрааһум, фә’әййисһу миннәә кәмәә әййәстәһу мин рахмәтикә, уа қаннитһу кәмәә қаннәттәһу мин ъафуикә, уа бәәъид бәйнәнәә уа бәйнәһу кәмәә бәәъәдтә бәйнәһу уа бәйнә рахмәтик, иннәкә ъәләә кулли шәй’ин қадиир».
Шымкент қаласы орталық мешіті