Кәфирун және Ықылас сүрелерін оқып жүру

 عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: »لَيْسَ فِي الْقُرْآنِ سُورَةً أَشَدُّ غَيْظًا لِإِبْلِيسَ مِنْ قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ فَإِنَّهَا بَرَاءَةٌ مِنَ الشِّرْكِ وَتَوْحِيدٌ وَقَالَ رَجُلٌ لِلنَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَوْصِنِي قَالَ: اِقْرَأْ عِنْدَ مَنَامِكَ قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ فَإِنَّهَا بَرَاءَةٌ مِنَ الشِّرْكِ«.

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Ібілістің ашуын тудыруға Құранда «Қул йә әййуһәл-кәфируннан» күшті сүре жоқ. Расында ол сүренің мағынасы серік қосудан тазалану һәм таухид. Бір кісі Пайғамбар (с.а.с.): «Маған өсиет айтыңыз», дегенде, ол (с.а.с.): «Ұйқыға жатарда «Қул йә әййуһәл-кәфирунды» оқып жат. Расында ол ширктен тазалану», деген».

Алланың елшісі (с.а.с.) Абдулла ибн Хубейбке (р.а.): «Қул һуаллаһу ахад» пен екі сақтану сүресін (Фалақ, Нас сүрелерін) кешке және таңертең үш рет оқуың барлық қажетіңе жеткілікті», – деген (Әбу Дәуіт, Термези және Нәсәи риуаят еткен хадис).

Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің біреулеріңнің бір түнде Құранның үштен бірін оқуға күші жетпей ме?» – деп сұрады. Сонда бұл сахабаларға ауыр тиіп: «Уа, Расулалла! Оған қайсысымыздың күші жетеді дерсің?» – десті. Сонда Расулалла (с.а.с.): «Ол – «Қул һуаллаһу ахад», Құранның үштен біріне тең», – деді (Бұхари, Мүслім риуаят еткен).

 Фалақ және Нас сүрелерін оқу.

Фалақ және Нас сүрелерінің түсу себептері. «Сақтандырушы сүрелер» деп аталып кеткен бұл сүрелердің түсу себептері бар. Тәпсіршілердің айтуларына қарағанда сақтану сүрелері – Фалақ пен Нас сүрелерінің түсуіне Пайғамбарымызға (с.а.с.) яһуди сиқыршы Ләбидтің сиқыр жасауы себеп болған. Сол оқиға туралы Айша анамыз (р.а.) былайша баяндаған.

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا قَالَتْ: سَحَرَ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلٌ مِنْ بَنِي زُرَيْقٍ يُقَالُ لَهُ لَبِيدُ بْنُ الأَعْصَمَ حَتَّى كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهُ يَفْعَلُ الشَّيْءَ وَمَا فَعَلَهُ حَتَّى إِذَا كَانَ ذَاتَ يَوْمٍ أَوْ ذَاتَ لَيْلَةٍ وَهُوَ عِنْدِي لَكِنَّهُ دَعَا وَدَعَا ثُمَّ قَالَ:» يَا عَائِشَةَ، أَشَعَرْتِ أَنَّ اللهَ أَفْتَانِي فِيمَا اسْتَفْتَيْتَهُ فِيهِ، أَتَانِي رَجُلاَنِ، فَقَعَدَ أَحَدُهُمَا عِنْدَ رَأْسِي وَالآخَرُ عِنْدَ رِجْلِي، فَقَالَ أَحَدُهُمَا لِصَاحِبِهِ: مَا وَجَعُ الرَّجُلِ؟ فَقَالَ: مَطْبُوبٌ، قَالَ: مَنْ طَبَّهُ؟ قَالَ: لَبِيدُ بْنُ الأَعْصَمَ، قَالَ: فِي أَيِّ شَيْءٍ؟ قَالَ: فِي مُشْطٍ وَمُشَاطَةٍ وَجَفِّ طَلْعِ نَخْلَةٍ ذَكَرٍ، قَالَ: وَأَيْنَ هُوَ؟ قَالَ: فِي بِئْرِ ذَرَوَانَ«، فَأَتَاهَا رَسُولُ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي نَاسٍ مِنْ أَصْحَابِهِ فَجَاءَ فَقَالَ:» يَا عَائِشَةَ، كَأَنَّ مَاءَهَا نَقَاعَةُ الْحِنَاءِ أَوْ كَأَنَّ رُؤُوسَ نَخْلِهَا رُؤُوسُ الشَّيَاطِينِ«، قُلْتُ:» يَا رَسُولَ اللهِ، أَفَلاَ اسْتَخْرَجْتَهُ؟«، قَالَ: » قَدْ عَافَانِيَ اللهُ، فَكَرِهْتُ أَنْ أَثُورَ عَلَى النَّاسِ فِيهِ شَرًّا«، فَأَمَرَ بِهَا فَدُفِنَتْ«. رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ فِي كِتَابِ الطِّبِّ، رَقْمُ الْحَدِيثِ:5430.

«Алланың елшісіне (с.а.с.) Бәни Зурайық тайпасынан Ләбид ибн әл-Асам деген адам сиқыр жасады. Сонда Алланың елшісіне (с.а.с.) істемеген ісі істеген сияқты болып көрінетін болды. Бір күні менің бөлмемде Расулалла (с.а.с.) ұзақ дұға жасады. Сосын: «Ия, Айша! Алланың менің сұрағаныма жауап бергенін сезбедің бе? Маған екі кісі келіп біреуі бас жағымда, екіншісі аяқ жағымда отырды. Сосын біреуі екіншісіне: «Бұл кісіге не болған?», – деп сұрады. Екіншісі: «Сиқырланған»,– деді. Сонда біріншісі: «Сиқырлаушы кім?», – деп сұрады. Екіншісі: «Ләбид ибн әл-Асам», – деді. Біріншісі: «Немен сиқырлады?» – деп сұрады. Екіншісі: «Тарақ, тарақтағы шаш және еркек құрма ағашының басындағы шашақтарымен», – деді. Біріншісі: «Олар қайда?» – деп сұрады. Екіншісі: «Зәруан құдығында», – деп жауап берді», – деді. Сосын Расулалла (с.а.с.) сол құдыққа сахабаларымен бірге барып қайтты. Келген соң: «Ия, Айша! Оның суы қына қосылған судың түсіндей (қызыл) екен. Ал ондағы құрма ағашының бастары шайтанның бастарындай екен», – деді. Мен: «Ия, Расулалла! Әлгі затты шығарып алмадыңыз ба?» – деп сұрадым. Сонда ол (с.а.с.): «Алла мені одан сақтады. Адамдарға одан (шығарғаннан) бір жамандық келер деп ұнатпадым»,– деді. Кейіннен Пайғамбардың.а.с.) бұйыруымен әлгі зат шығарылып, көміліп тасталынды». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Фалақ сүресі

 بِسْمِ اللهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِِ ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ * مِن شَرِّ مَا خَلَقَ * وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ * وَمِن شَرِّ النَّفَّاثَاتِ فِي الْعُقَدِ* وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَد .

Оқылуы: Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. «Қул әъуузу бираббил-фалақ * Миң шәрри маа халақ * Уа миң шәрри ғаасиқин изәә уақаб * Уа миң шәррин-нәффәәсәәти фил-ъуқад * Уа миң шәрри хаасидин изәә хасад».

Қазақша мағынасы: «Таңның Раббына сиынамын. Жаратқан нәрселердің кесірінен. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен. Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен. Күндеген сәттегі күншілдердің кесірінен (сиынамын) де».

Сүренің ерекшелігі туралы. Фалақ сүресі Құран Кәрімдегі 113-сүре. Меккеде түскен. Бес аяттан тұрады. Алла Тағала бұл сүреде Өзінің Елшісіне (с.а.с.) және барлық мұсылмандарға дүниеде кездесетін жамандықтар мен жын-шайтандардың кесірлерін сақтануды үйретеді. Фалақ және одан кейінгі Нас сүрелері «Әл-Муъаууизәтәни» – сақтанушы екі сүре деп аталады. Пайғамбарымыз (с.а.с) осы екі сүрені оқып, сақтанып жүретін болған.

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا أَوَى إِلَى فِرَاشِهِ كُلَّ لَيْلَةٍ جَمَعَ كَفَّيْهِ ثُمَّ نَفَثَ فِيهِمَا فَقَرَأَ فِيهِمَا قُلْ هُوَ اللهُ أَحَدٌ وَقُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ وَقُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ، ثُمَّ يَمْسَحُ بِهِمَا مَا اسْتَطَاعَ مِنْ جَسَدِهِ يَبْدَأُ بِهِمَا عَلَى رَأْسِهِ وَوَجْهِهِ وَمَا أَقْبَلَ مِنْ جَسَدِهِ، يَفْعَلُ ذَلِكَ ثَلاَثَ مَرَّاتٍ. رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ فِي كِتَابِ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ، رَقْمُ الْحَدِيثِ:4729.

Бұл туралы Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Пайғамбар (с.а.с.) әрбір түні төсекке жатарда екі алақанын қосып, оларға оларға үрлеп, «Қул һуаллаһу әхәд», «Қул әъузу бираббил-фалақ» және «Қул әъузу бираббин-насты» оқып, басы мен жүзінен бастап денесінің алдыңғы бөлігінің қолы жеткен жерін сипайтын. Солай үш рет жасайтын». (Бұхари риуаят еткен).

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »أَلَمْ تَرَ آيَاتٍ أُنْزِلَتِ اللَّيْلَةَ، لَمْ يُرَ مِثْلُهُنَّ قَطُّ: قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ وَقُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ فِي كِتَابِ صَلاَةِ الْمُسَافِرِينَ، رَقْمُ الْحَدِيثِ:814.

Фалақ пен Нас сүрелерінің артықшылықтары туралы мынадай риуаяттар бар. Алланың елшісі (с.а.с.) Ұқба ибн Амрге (р.а.): «Бүгін түні түскен аяттарға қарамайсың ба? Бұрын-соңды мұндай аяттар түспеген: «Қул әъузу бираббил-фалақ» және «Қул әъузу бираббин-нас», – деген.

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ خُبَيْبٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:» قُلْ هُوَ اللهُ أَحَدٌ وَالْمُعَوِّذَتَيْنِ حِينَ تُمْسِي وَحِينَ تُصْبِحُ ثَلاَثَ مَرَّاتٍ تَكْفِيكَ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ«. رَوَاهُ أَبُو دَاوُدَ فِي كِتَابِ الأَدَبِ، رَقْمُ الْحَدِيثِ:5082.

Алланың елшісі (с.а.с.) Абдулла ибн Хубейбке (р.а.): «Қул һуаллаһу ахад» пен екі сақтану сүресін (Фалақ, Нас сүрелерін) кешке және таңертең үш рет оқуың барлық қажетіңе жеткілікті», – деген (Әбу Дәуіт, Термези және Нәсәи риуаят еткен).

 Нас сүресі

 بِسْمِ اللهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِِ ﴿قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ * مَلِكِ النَّاسِ * إِلَهِ النَّاسِ * مِن شَرِّ الْوَسْوَاسِ الْخَنَّاسِ * الَّذِي يُوَسْوِسُ فِي صُدُورِ النَّاسِ * مِنَ الْجِنَّةِ وَ النَّاسِ﴾.

Оқылуы: Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. «Қул әъуузу бираббин-нәәс * Мәликин-нәәс * Иләәһин-нәәс * Миң шәррил-уәсуәәсил-ханнәәс * Әлләзии йуәсуису фии судуурин-нәәс* Минәл-жиннәти уән-нәәс».

Қазақша мағынасы: «Адамдардың Раббына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне, жасырынып сыбырлап азғырушының кесірінен, сондай адамдардың көкейлеріне салатын, мейлі жыннан болсын, мейлі адамдардан болсын – азғырушылардың кесірінен сиынамын» де».

Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38