Шымкент қаласы Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде бас имам Арынов Берік Сүйіндікұлының басшылығымен және дін жанашырларының қаржылай қолдауымен «ӘЛЕМДЕРГЕ РАХЫМ ҮШІН ЖІБЕРІЛГЕН МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР» (с.а.с.) атты мәуліт шәриф рухани кеші өтті. Мәуліт шәриф рухани кешінде Шымкент қаласының бас имамының орынбасары, наиб имам Естемиров Мұхаммеджан қажы, «Аңламас ата» мешітінің бас имамы Исламқұл Иманқұлұлы және т.б. бірнеше білімді де білікті мешіт имамдары мен ұстаздар ардақты пайғамбарымыздың с.а.с. өнегелі өмірі туралы тағылымы терең уағыз-насихат айтып, діни сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды. Білімімен көзге түскен жамағатқа ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38