Шымкент қ, Еңбекші ауданы «Әл-Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен «Мәуліт құтты болсын» шарасы аталып өтті. Аталмыш шараға қала бас имамының орынбасары М. Ақтамберді, қалалық әдеп кеңесінің төрағасы, Ислам – Нұры мешітінің бас имамы Б.Әміре, Әл-Фараби аудандық А. Қаттани мешітінің бас имамы А.Керімбеков, қалалық бас іс- басқарушы А. Әбдікерімұлы, имамдар, және жан- жақтан келген жамағаттар қатысты. Әуелі Құранды қари Ж.Пернехан оқыды. А. Қаттани мешітің найб имамы, қари М. Сәрсенбаев және «Әл Біләл» қарилар дайындау орталығының шәкірттері мәуліт оқыды. Әуелі сөз алған Мұсабек қажы Ақтамберді жамағатқа қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жамағатқа жеткізіп, әсерлі уағыз айтты. Келген қонақ имамдар ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МУХАММЕД С.А.У ның өнегелі өмірінен уағыздар айтты. Сұрақтар қойылып жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Мәуліт соңы спорттық шараға ұласты. (қой көтеру, арқан тарту, қол күрес, тб,) жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Келген жамағат рухани әсер алып тарқасты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38