Nauriznama kitap

Nauriznama kitap

 

 

 

 

 

Әз-наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қаламынан шыққан «Наурызнама» атты кітаптың танытымы болып өтті.
Кітапта, алдымен алғысөз орнына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің наурыз мерекесімен құттықтауы және ҚМДБ пәтуа бөлімінің наурызға байланысты шығарылған ұстанымы жарияланған.
Мұнымен қатар, еліміздің бірқатар зиялы қауым өкілдерінің наурыз мерекесіне орай айтылған оралымды ойлары мен өзгеде мәліметтер қазақы тілде кеңінен түсіндірілген.
Кітап авторы «Наурызнама» кітабын наурыз мерекесіне жиналған барша жамағатқа тойдан тәберік ретінде тегін үлестірді. Алдағы уақытта білім ордалары мен жергілікті кітапханаларға тегін үлестіру көзделуде. Жалпы, бұл еңбек барша оқырманға арналған.
Кітап құтты болып, оқырманы көп болғай!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38