Ежелден қазақ халқымыз баланың тәрбиесіне қатты көңіл бөлген . Осыған орай салт-дәстүріміздің әр бірінің бір мән мағынасы бар. Міне Ислам тәрбиесімен қатар жүрген көпдеген салтымыз бар. Соның бірі тұсау кесу дәстүрі. Сәби жаңа аяқ баса басқанда кісінің ала жібін аттама деп, бейсанасына отырғызып осы тұсау кесер рәсімі жасалады екен. Ала жіпті аттама дегені құл ақысын жеме дегені. Өйткені құдси хадисте Алла тағала: “Маған құл ақысымен келмеңдер. Өйткені құл кешірмей Мен кешірмеймін” деген еді. Міне осы тәрбиені сіңіру үшін “Әйел-қыздар” секторы жетекшісі Досжанова Балжан екі балаға дұға етіп тұсау кесті.

 

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий