Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешіті әйел-қыздар бөлімінде зағип жандарға арналған Брайль жүйесімен Құран Кәрім үйретілуде. Міне бірнеше ай нәтижесінде зағип жанды екі әпкеміз Брайль жүйесімен жазылған бөрткен нүктелі Құранды саусақпен ұстап арап әріптерінің махрадж және тәжуит ережелеріне сай оқиды. Көз көрмесе де сипап сезу қасиеттерін қолданып сауаптан мол нәсібін алуда. Міне мүмкіндіктерінің шектеуіне қарамастан Алланың кәләмін үйреніп оқып отырған бұл әпкелерімізді Раббым жаннатының төрінде Алланың нұрын тамашалау нәсіп болсын деп тілейміз.
Үйреткен Ұлданай Дауитова ұстаз бен бізге бұл мүмкіндікті жасағанлардың да еңбегін атап айтпауға болмайды. Раббым шектеулеріне қарамай Құран оқыған Рабиға әпке, Мамура әпке және тағы төрт шәкіртіміздің алатын сауаптары себеп болған ұстазға және демеушілерге нәсіп болсын!